Қазақстаннан Германияға шамамен 1 млн тонна мұнай жеткізілді – «ҚазТрансОйл»
Биыл қаңтарда 100 мың тонна мұнай тасымалданады
Өткен жылы «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстаннан Германияға 993 мың тонна мұнай жеткізді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда қазақстандық мұнайды одан әрі Германияға жеткізу үшін «Транснефть» жария АҚ магистральды мұнай құбыры жүйесі арқылы «Адамова Застава» мұнай жеткізу бекетіне қарай тасымалдау көлемі 993 мың тонна болды, – деп жазылған хабарламада.
Бекітілген кестеге сәйкес, «ҚазТрансОйл» биыл қаңтарда Германияға одан әрі жеткізу үшін 100 мың тонна мұнай тасымалдауды жоспарлап отыр.
2024 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ Германияға жеткізу үшін «Транснефть» жария АҚ магистральды мұнай құбыры жүйесі арқылы «Адамова Застава» мұнай жеткізу пунктіне 1,2 млн тоннаға дейін мұнай жөнелтпек, – деп жазылған хабарламада.
Транзит Қазақстан мен Ресей Үкіметтері арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы тиісті келісім аясында іске асырылады.
Айта кетейік, «ҚазТрансОйл» АҚ – магистральды мұнай құбырының қазақстандық ұлттық операторы.