Halyq Uni логотип
×

Майнерлер үшін салықтың сараланған түрі енгізіледі

Энергияны неғұрлым көп тұтынған сайын салық та азаяды

 Ербол Тұрымбет 25.05.2022 | 11:00
Майнерлер үшін салықтың сараланған түрі енгізіледі
коллаж: Halyq Uni

Салық кодексіне енгізілетін өзгерістер бойынша, келер жылдан бастап цифрлық майнингке салық салу мөлшерлемесі артады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Яғни, цифрлық майнинг үшін электр энергиясына төлемақы мөлшерлемесіне сараланған тәсілді қолдану енгізіліп отыр. Онда электр қуатының құны неғұрлым төмен болса, цифрлық майнинг үшін төлемақы мөлшерлемесі соғұрлым жоғары болады. Оның себебі, электр энергиясының құны әр өңірде әртүрлі болғандықтан майнинг шығындарын дифференциациялау үшін қолданылып отыр. 

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, бизнес өкілдері, тиісті қауымдастықтармен талқыланып, цифрлық майнингке салықтарды әртараптандыру туралы шешім қабылданған. 

Себебі қазір біздің майнерлер өте төмен салық төлеп жатыр. Соған байланысты жыл басында цифрлық майнинг жөнінен әлемде екінші орынға шықтық. Криптовалютадағы үлесіміз Қытайдан кейін 18% болған. Қытайда энергобаланс бұзылған соң, бәрін қуғаннан кейін олар Қазақстанға келді, – дейді министр.

Оның сөзінше, сараланған салық майнерлерге тұтынған энергия құнына байланысты салынады. Яғни, олар қымбат энергия сатып алса, аз төлейді. Энергия арзан болса, онда салық жоғары болады. Нәтижесінде, майнинг фермаларының орналасқан жерінде, мысалы тап МАЭС-тің қасында орналасса да бір-бірінен еш айырмашылық болмайды. 

Сондай-ақ салықтан басқа да кешенді шаралар қабылданып жатқанын айтады. Мысалы, энергетика министрлігі өз құзіреті аясында лицензиялауды көздеп отыр. Яғни, осындай компанияларға, майнерлерге бөлек энергия үлесі болады. Ол үшін қазір арнайы тетік қалыптастырылып жатыр. Осындай кешенді шаралар біздің бүкіл энергия тепе-теңдігімізді қалыпқа келтіруі тиіс.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама