Halyq Uni логотип
×

Өзбекстан мен Қазақстан тауар айналымын 10 млрд долларға жеткізбек

Былтырғы көрсеткіш – 4,6 млрд доллар

 Дәурен Ерболат 10.01.2024 | 09:40
Өзбекстан мен Қазақстан тауар айналымын 10 млрд долларға жеткізбек
Фото: Президенттің баспасөз қызметі

Өзбекстан мен Қазақстан өзара саудадағы кедергілерді жою үшін арнайы жұмыс тобын құрады, деп хабарлады Uza.uz.

Өзбекстанның Инвестициялар, индустрия және сауда министрі Лазиз Қудратов пен Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің кездесті. Онда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға сапары аясында қол қойылған инвестициялық келісімдерді және сауда келісімдерін іске асыру бойынша «Жол картасы» бойынша атқарылып жатқан жұмыс, қос ел арасындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары және қазіргі жобаларды іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды.

Кездесуде өзара сауда көлемінің ұлғаюы сөз болды.

Соңғы 6 жылда сауда көлемі 2,5 есеге жуық өсіп, 2016 жылғы 1,9 млрд доллардан 2023 жылы 4,6 млрд долларға дейін ұлғайды. Бұл ретте пайдаланылмай жатқан мүмкіндіктер бар екенін айта келе, қос тарап алдағы жылдары тауар айналымын 10 млрд долларға жеткізу үшін бірқатар шараны іске асыруға келісті. Сондықтан өзара саудадағы кедергілерді жою бойынша бірлескен жұмыс тобы құрылады, - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ тараптар екі елдің нарығында кең ауқымды тауарларды сатуға арналған онлайн-сауда алаңын қамтитын UzKazTrade бірлескен сыртқы сауда компаниясының қызметіне қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама