Қазақстан «ақылды қала» салуды Қытайдан үйренбек
Қос тарап инновациялық сектордағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Қытайдың «Жібек жолы» индустриялық интернетті жылжыту орталығы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
2023 жылғы 24-25 қарашада ЦДИАӨМ өкілдері Чжэцзян провинциясындағы Вэньчжоу қаласында өткен конференцияға қатысты. Оның аясында ЦДИАӨМ мен Жібек жолының өнеркәсіптік интернетін ілгерілету орталығы арасында ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандум аясында қос тарап цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға, экономиканың инновациялық секторларындағы ынтымақтастықты қолдауға және дамытуға ниетті. Министрлік ғылыми-технологиялық платформаны пайдалана отырып, цифрлық трансформация және жаңғырту жолымен цифрлық («ақылды) қалаларды салуға мүдделі.
Мұндай мегажоба Қазақстандағы ғылыми-зерттеу базасы мен техникалық құзыреттілік деңгейін дамытуға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашып, экономиканы дамытуға ықпал етеді.