Halyq Uni логотип
×

Еңбек министрлігі ҚҚС үшін өтемақы енгізілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды

Ведомство хабарламада көрсетілген сілтемеге өтпеуді сұрады

 Халық үні 07.01.2024 | 11:03
Еңбек министрлігі ҚҚС үшін өтемақы енгізілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды
Фото: Halyq Uni

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қосымша құн салығы үшін өтемақы енгізілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды. 

Мессенджерлерде Еңбек министрлігі ҚҚС үшін өтемақы төлемін енгізгені туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат тарап жатыр. Тағайындалған қаражатты аудару үшін белгісіз азаматтар сілтемеге өтуді ұсынады. Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз, – деп хабарлады министрлік.

Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама