Жоба биыл іске асырылады
Қарақия ауданы Мұнайшы ауылында жел электр станциясы салынады, деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жобаның құны – 18 млрд теңге. ЖЭС биыл іске қосылады деп жоспарланып отыр.
Бүгінде Мұнайшы ауылынан 45,5 га жер учаскесі бөлінді. Нысанды салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.
Жобаның құжатына сәйкес, 8 жел генераторы салынып, ЖЭС 50 МВт электр энергиясын өндіреді деп жоспарланып отыр.
Жел электр станциясын салуға 80 адам, ал нысан іске қосылса, 12 адам жұмысқа тартылады.