Halyq Uni логотип
×

Кәсіпорнына жалған банкроттық жасаған басшы сотталды

Ол қымбат мүліктер мен қомақты қаражатты туысының атына аударған

 Дәурен Ерболат 05.01.2024 | 15:28
Кәсіпорнына жалған банкроттық жасаған басшы сотталды
Фото: zakon.kz

Астанада компаниясына жалған банкроттық жасаған басшы сотталды, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Комитеттің Астана қаласы бойынша басқармасы Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, жалған банкроттық дерегін анықтады.

А. атты азамат «Ф» ЖШС-ның нақты иесі болып, кәсіпорынды жақын туысына тіркеген. Осылайша, ол жалпы құны 331 млн теңгеден асатын 18 көлікті, 26 млн теңгеден аса қаражатты өзгенің атына аударып, компаниясын әдейі банкрот қылдырған. Тергеу барысында А.-ның әрекеті салдарынан мемлекет пен заңды тұлғаларға 94 млн теңге залал келтіргені анықталды. Мұны бәрі сотта дәлелденді. Оған әдейі банкрот болғаны үшін сот  үкім шығарды.

МКК қасақана (жалған) банкроттыққа жол бермеу үшін тұрақты түрде жұмыс жүргізеді.

Компанияны әдейі банкроттыққа ұшыратқан жағдай анықталғанда, құрылтайшылар мен лауазымды тұлғалар қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын және субсидиарлық жауапкершілікке тартылып, кредиторлар алдында өз меншігіндегі мүлкімен жауап беретінін түсінуге тиіс.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама