Кәсіпкерлікті тексеруге енгізілген мораторий мерзімі аяқталды
Алайда тыйым салынғанға дейінгімен салыстырғанда, бизнесті тексеру аз болады
Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан басталған кәсіпкерлікті тексеруге енгізілген мораторий аяқталды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген «Қазақстан Республикасында тексерулер мен профилактикалық бақылау мен қадағалауға мораторий енгізу туралы» Жарлығының мерзімі 2024 жылдың 1 қаңтарында аяқталды.
Қазақстан билігі мораторий аяқталғанмен, тыйым салынғанға дейінгімен салыстырғанда, бизнесті тексеру аз болады деп сендіреді.
Сонымен қатар, 1 қаңтардан бастап Қазақстанда бақылаудың барлық бағыттары бойынша тәуекелдерді басқару жүйесі енгізілді. Бұл процесті автоматтандыру арқылы адамның қатысуын барынша азайтуды көздейді.
Қазір билік мораторий енгізілгенге дейінгіге қарағанда тексерулер саны 2 есе қысқарады деп үміттеніп отыр.