×

Биыл мал шаруашылығын субсидиялауға 124,6 млрд теңге жұмсалады

62 жобаны іске қосу жоспарланып отыр

 Еркеғали Болатұлы 24.05.2022 | 17:18
фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, отандық агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақтылығын сақтау үшін биыл фермерлерге, оның ішінде мал шаруашылығы саласына айтарлықтай мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілетін болды.

Қазір елімізде өндірілетін ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімінің 45 пайызы мал шаруашылығына тиесілі. Сондықтан биыл мал шаруашылығын субсидиялауға шамамен 124,6 млрд теңге бағытталады. Бұл салада мемлекеттік қолдаумен субсидиялаудың 30-ға жуық бағыты көзделіп отыр.

Жалпы, биыл облыс әкімдіктері асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 100,1 млрд теңге бөлген. Оған қоса республикалық бюджет комиссиясының шешімімен мал шаруашылығын субсидиялауға 24,5 млрд теңге сомасында қосымша қаражат бөлу туралы тапсырыс мақұлданып отыр.

Осылайша, 62 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Жалпы, биыл АӨК субсидиялаудың жалпы көлемі 449 млрд теңгені құрайды. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы деңгейден 20 пайызға артық. Қаражат мал және өсімдік шаруашылығын, кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға, ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға, фитосанитариялық және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталмақ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама