Үкімет нан мен жұмыртқа бағасын реттеуден бас тартпақ

Дәурен Ерболат

Жоспар жол картасы аясында жүргізіледі

Фото: mdjaff/Freepik

Үкімет 2024 жылғы бірінші жартыжылдыққа қарай (қаңтар-маусым) 9 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын реттеуден кезең-кезеңмен бас тартқалы отыр. Бұл туралы премьер-мнинистрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлады Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство басшысы арнайы жоспар әзірленгенін атап өтті.

2024 жылғы бірінші жартыжылдыққа қарай (қаңтар-маусым) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына шекті бағаны енгізу тетігінен отандық өндірістің тұрақты 100% қамтылған 9 азық-түлік тауары (тұз, ұн, макарон, қарақұмық, күріш, нан, сүт, картоп, тауық жұмыртқасы (бірінші санат бойынша) бойынша бас тарту жоспарланып отыр.

2025 жылғы бірінші жартыжылдықта 10 азық-түлік тауары (сәбіз, пияз, ақ қырыққабат, күнбағыс майы, сиыр еті), тауық еті, майлылығы 2,5% болатын айран, сары май (тұздалмаған, майлылығы 72,5%-дан кем емес), сүзбе (майлылығы 5-9%), қант бойынша ӘМАТ шекті бағаларын енгізу тетігінен толық бас тарту жоспарланған. Олар бойынша импорт алмастыру шамамен 100% болады», - деді Ерұлан Жамаубаев.