Halyq Uni логотип
×

«Біреу түшкірсе де баға көтерілетін болды». Сауда министрі себебін түсіндірді

уыл шаруашылығы министрлігі жол картасын іске асырып жатыр

 Дәурен Ерболат 25.12.2023 | 12:17
«Біреу түшкірсе де баға көтерілетін болды». Сауда министрі себебін түсіндірді
фото: Halyq Uni

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстанда тауарлар неге жиі қымбаттайтынын түсіндірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Ерболат Сатыбалдин елімізде тауарлардың бағасы көтеріліп жатқанын айтып, министрге сұрақ қойды.

Импортқа тәуелділікті төмендетеміз деп айтып жүргенімізге біраз жыл болды. Өкінішке қарай, соңғы 5 жылда (оң, – автор) динамика жоқ. Біз әлі қажет тауарлардың 70%-ын сырттан импорттаймыз. Енді әлеуметтік маңызы бар тауаларға келгенде бұл көрсеткіш 85%-ға жеткен. Баға шарықтап барады. Сайлаушылармен кездескен сайын міндетті түрде осы сұрақ қойылады. Мысалы, жаңа жыл қарсаңында жәрдемақы мен сыйақы алғанда баға көтеріледі. Жаңа жыл мерекесіне де байланысты баға көтеріледі. Ауа райы күрт нашарлағанда, жанар-жағармай қымбаттағанда және газдың тапшылығына байланысты баға көтерілген. Біреу жөтелсе де, түшкірсе де ауыл шаруашылығы өнімдері қымбаттай беретін болды.

Сіз айтқандай, тауарлар 4-5%-ға емес, еселеп қымбаттап жатыр. Жалпы, біз бағаны қалай бақылап отырмыз?», - деді депутат.

Арман Шаққалиев бағаны нарық реттейтінін, бірақ қымбатшылықпен күрес заң аясында жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Нарықтық экономикада сұраныс пен ұсыныс бар. Ол бағаға әсерін тигізеді. Ішкі нарықта бағаны тұрақтандыру үшін өзімізде көп тауарды өндіріп, оны сату керек. Бұл мәселені мен өз баяндамамда айттым. Елімізде баға маусымаралық кезеңде өседі. Біз тауарға интервенция жүргіземіз. Бізде қандай да бір тауардың тапшылығы туындайтыны туралы ишара пайда болса, ажиотажды сұраныс болып кетеді. Қанттың мәселесі оны анық көрсетті. Олай болмау үшін өнімді сақтайтын қоймалар болу керек.

Әлеуметтік маңызға ие тауарларға келсек, құс еті мен сүт өнімдері бойынша импортқа тәуелділік әлі бар. Ол тапшылықты жою үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі жол картасын іске асырып жатыр. Келесі жылға ұсыныс бар. Мысалы, шығынды субсидиялау. Егер (отандық тауар өндіруші) өзімізде тауар өндіріп сатса, оған біз 15-20% шығынды субсидиялаймыз», - деді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама