Halyq Uni логотип
×

Екі айда Қазақстан шекарасынан 671 мың доллар заңсыз өткізілмек болған

Бұған дейін 10 мың доллардан асатын соманы елден әкетуге тыйым салынғаны белгілі

 Қымбат Елтайқызы 24.05.2022 | 11:30
Екі айда Қазақстан шекарасынан 671 мың доллар заңсыз өткізілмек болған
коллаж: Halyq Uni

Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылғы наурыз-сәуірде елімізден кедендік шекара арқылы жалпы сомасы 671 мың долларды заңсыз өткізудің 40 фактісін анықтады. Барлық тұлға әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 551 және 545-баптары бойынша жауапқа тартылды.

Оның ішінде, шетелдік валютаны сыртқа алып кетуге тыйым салу күшіне енген соң, кедендік шекара арқылы жалпы сомасы 280 мың долларды кедендік шекара арқылы алып кетпек болған 21 факт анықталған. Барлық орын алған жағдай Нұр-Сұлтан (6 факт) мен Алматы (15 факт) қалаларының халықаралық әуежайларында орналасқан кеден бекеттерінде тіркелген.   

«Қазақстанның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» президенттің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 жарлығымен елімізден:

  • 10 000 доллардан асатын қолма-қол шетел валютасы және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын;
  • Ұлттық банк шығаратын 5, 10, 20, 50, 100 грамм аффинирленген алтын құймалары, ALTYN BARYS алтыны, KÚMIS BARYS күмісінен жасалған инвестициялық монеталар, 100 грамнан астам аффинирленген алтынды әкетуге тыйым салынған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама