Бір жылда елге жеткізілген автомобильдердің саны 2 есе өскен
2023 жылғы 11 айда Қазақстанға шетелден 2,7 млрд доллар болатын 136,5 мың көлік әкелінді, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.
МКК мәліметінше, соның нәтижесінде 358,1 млрд теңгеге кедендік баж және салық төленген. Бұл көрсеткіш – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 2 есе көп.
2022 жылғы 11 айда 1 млрд 355 млн долларға 46,2 мың автокөлік жеткізілді. Осылайша, 183,6 млрд теңгеге кедендік баж және салық төленді.
Кедендік құн бақылауының қорытындысы бойынша қосымша 49,4 млрд теңге өндірілген.
Қазақстанда кедендік рәсімдеу электронды түрде Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесі арқылы іске асады. Сондай-ақ шетелден әкелінетін көліктерді кедендік рәсімдеу ережелері өте қарапайым.
Автомобильдерді рәсімдеу үшін жөнелтуші елдің экспорттық декларациясы, шот-фактура, тауарды жеткізуге арналған көлік шығыны, сатып алушы мен сатушы арасындағы сатып алу-сату шарты, баж аударымы, аукциондық бет және тағы басқа құжат керек.