Алматыда 2024 жылы дизельді автобус сатып алуға тыйым салынады

Халық үні

Биыл қаланың автобус паркі 1 150 экологиялық таза автобусқа жаңартылды

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда 2024 жылы дизельді автобустар сатып алуға тыйым салынады. Бұл туралы қала әкімі орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Биыл қаланың автобус паркі 1 150 экологиялық таза автобусқа жаңартылды. 2024 жылдан бастап жеке тасымалдаушылардың дизельдік автобустарды сатып алуына тыйым салуды енгізу жоспарланған.

Кейінгі 11 жылда алғаш рет Алматыда 100 троллейбус сатып алынды. 2024 жылы тағы 100 бірлік сатып алу жоспарланған, бұл троллейбус паркін 100% жаңартуға мүмкіндік береді. Алматыда метро қарқынды дамып келеді. Биыл 3 қосымша жылжымалы состав іске қосылды. Қозғалыс аралығы 5 минут 38 секундқа дейін төмендеді. Нәтижесінде метроның жолаушылар ағыны 100 мың адамға дейін ұлғайтылды, - деді Ерболат Досаев.

2023 жылдың қорытындысы бойынша қоғамдық көлікте жолаушылар ағыны тәулігіне 1,5 млн адамға дейін, 2022 жылы 1,2 млн адамға дейін ұлғайды.