Қай қалаларда шет тілін оқыту курсы қымбаттады?

Дәурен Ерболат

3 қалада қызмет бағасы өспеген

Фото: online-london.com

Қазақстанда бір жылда шет тілі курстарының қызметі 11,8% қымбаттаған, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Ең көп өсім Жетісу облысында: қызмет бағасы бірден 60%-ға өскен. Одан кейін тізімде Алматы қаласы (25,9%), Қарағанды ​​(20,1%), Қостанай (17,4%) және Атырау (16,1%) облыстары тұр. Шет тілі курстарының қызметі ең аз қымбаттаған өңір Қызылорда облысы – 1,6%.

Астана, Шымкент қалалары және Алматы облысында баға өткен жылдың қарашадағы деңгейінде қалған.

Биыл үшінші тоқсанда елімізде қосымша білім беру қызметінің (шет тілі курстары) көлемі 10,3 млрд теңге болды. Бұл – былтырғыдан 5,2%-ға көп.

Мұндай қызмет Алматы қаласында көп көрсетіледі: 3,4 млрд теңге, жылдық өсім – 22,6%. Кейін тізімде Астана (3,4 млрд теңге, 20,2% азайған) және Атырау облысы (1,4 млрд теңге, 45,2% көбейген) тұр.

Қосымша білім беру қызметі Жетісу облысында ең аз көрсетілген: 19,5 млн теңге, өсім былтырғыдан 10% аз. Шығыс Қазақстан облысында бұл салада қызмет көрсетілмеген.

Саладағы жеке компаниялардың қызметі – 6,1 млрд теңге, мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі – 3,9 млрд теңге, шетелдік компаниялардың қызметі – 236,3 млн теңге.

Шағын кәсіпорындар 7,9 млрд теңгеге, орта кәсіпкерлік 2 млрд теңгеге, ірі кәсіпорындар 353,9 млн теңгеге қызмет көрсеткен.