ЖІӨ $11,5 мыңнан $13,3 мыңға дейін өсті
Үкімет экономика бойынша 2023 жылдың қорытындысын жасады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ел экономикасы сыртқы жағдайларға сәтті бейімделіп, биыл орнықты өсу траекториясына шықты. Қаңтар-қарашаның қорытындысына сәйкес экономиканың өсуі 4,9% болса, өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 2,7% болды. Жалпы республика бойынша жан басына шаққандағы ЖІӨ $11,5 мыңнан 13,3 мың долларға дейін өсті. Жылдық мәндегі инфляция қарашада 2022 жылғы желтоқсандағы 20,3%-дан 10,3%-ға дейін төмендеді. 6 айдың қорытындысына сәйкес, 13,3 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Жыл қорытындысы бойынша ТШИ шамамен 27 млрд доллар деңгейіне жеткізу жоспарланған.
Экономиканың барлық салаларында жалпы құны 967,7 млрд теңге болатын 210 жаңа инвестициялық жоба іске қосылды. Жалпы жыл қорытындысы бойынша 1,6 трлн теңгеге 291 жоба пайдалануға беріледі деп күтіледі. Машина жасау өндірісі 26,8%-рекордтық қарқынмен өсті.
Биыл Қазақстан $65 млрд-тың өнімін экспорттады, сонымен бірге өңделген тауарлардың экспорты $21 млрд-қа жетті. «Қарапайым заттар экономикасы» кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша шарттар жетілдірілді. 10 мың артық бизнес талаптары алынып тасталды. Кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету (субсидиялау және кепілдік беру) жыл сайын артып келеді. Атап айтқанда, бұл мақсаттарға «Бәйтерек» холдингі желісі арқылы 2,3 трлн теңге бөлінді. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау 209 млрд теңгеден 288 млрд теңгеге дейін ұлғайды