Halyq Uni логотип
×

Жаңа жылда үстелге қойылатын азық-түліктің баға өсімі байқалады

Еліміздегі жылдық инфляция – 10%

 Дәурен Ерболат 15.12.2023 | 15:32
Жаңа жылда үстелге қойылатын азық-түліктің баға өсімі байқалады
Фото: mknews.de

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев жаңа жылда кейбір азық-түлік тауарларының бағасы өсуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ол әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының бағасы үнемі бақылауда екенін атап өтті.

Бізде (азық-түлік тауарларына) мониторингті Ұлттық статистика бюросы жүргізеді. Біз бұл мәліметтерді үнемі пайдаланамыз. Мен сізге жаңа деректерді айтайын. Соңғы аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы өзгермеген. Ол 19 позициядан тұрады, онда өзгеріс жоқ, - деді Арман Шаққалиев Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің пікірінше, жаңа жылда үстелге қойылатын азық-түлік тауарларының бағасында өзгеріс болуы мүмкін.

Біз 37 позицияны алдық. Онда өзгерістер бар. Мысалы, жұмсақ қаптамадағы сүт, мандарин және шампан. Елімізде жылдық инфляция – шамамен 10,3% деңгейінде. Демек, жаңа жылда үстелге қойылатын (азық-түлік тауарының) себетіндегі баға өсімі – шамамен 10-10,7%. Иә, өзгеріс бар. Біз оны Жаңа жылда үнемі байқаймыз. Сондықтан мереке қарсаңында (азық-түлік, – автор) қымбаттайды. Бірақ (баға өсімі) индекс шегінде, - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ Арман Шаққалиев әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке тоқталды.

«Жыл басынан бері олардың бағасы 3,4%-ға өзгерді. Жұмыртқаның бағасы үнемі өзгеретінін айтамыз. Біз ең ірі өндірушілер және сауда желілерімен сауда үстемесін сақтау үшін меморандумға қол қойдық. Нәтижесінде мұның жұмыс істейтінін көрдік. Бүгін біз ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз етіп отырмыз», - деп түйіндеді сөзін министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама