×

Доллар бағамы 425 теңгеден төмендеді

21-23 мамырдағы ресми бағамы 425,02 теңге болған

 Еркеғали Болатұлы 23.05.2022 | 17:00
фото: ашық дереккөз

Доллар бағамы төмендеп жатыр. Ол туралы Қазақстан қор биржасынан (KASE) білуге болады.

Бүгін күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,23 теңгеге төмендеп, 424,84 теңге болды. Ал доллардың 21-23 мамырдағы ресми бағамы 425,02 теңге болған еді.

Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының айырбас пункттерінде доллардың орташа бағамы – 424,80 теңге, сатылымда – 429,08 теңге.

Нұр-Cұлтандағы айырбас пункттерінде долларды орта есеппен 424,18 теңгеден сатып алып, 427,16 теңгеден сатып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама