Halyq Uni логотип
×

Тимур Құлыбаев KAZENERGY қауымдастығының төрағасы қызметінен кетті

Оның орнына Мағзұм Мырзағалиев сайланды

 Еркеғали Болатұлы 08.12.2023 | 15:25
Тимур Құлыбаев KAZENERGY қауымдастығының төрағасы қызметінен кетті
фото: kaz-news.info

Қазақстандық олигарх, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев KAZENERGY қауымдастығының төрағасы қызметінен кетті.

KAZENERGY Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы болып Мағзұм Мырзағалиев сайланды. Бұл шешім бүгін Алматы қаласында өткен KAZENERGY Кеңесінің отырысында қабылданды, – делінген хабарламада.

Бұл ретте қауымдастық төрағасының лауазымы қоғамдық жұмыс болып есептеледі, оған жалақы төлеу қарастырылмаған.

Тимур Құлыбаев 2005 жылдың қараша айынан бастап KAZENERGY компаниясының басшысы болды. Қауымдастықтың өзі 2005 жылдың 2 қарашасында мұнай-газ саласындағы кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатында құрылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін сот Тимур Құлыбаевқа тиесілі компанияны ұлттық парктегі зәулім үйінен айырғанын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама