×

Ресей Қазақстанның уран өндірісіне тағы да инвестиция салғысы келеді

Қос тарап тиімді серіктестіктің жаңа бағыттарын талқылауға дайын

 Еркеғали Болатұлы 22.05.2022 | 10:36
фото: ашық дереккөз

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың Қазақстанға жұмыс сапарымен келген «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесуінде Ресей тарапы Қазақстанның уран өндіру саласына инвестиция салуға мүдделі екені айтылды.

Кездесу барысында тараптар энергетика саласындағы ынтымақтастық, соның ішінде уран өндіру жобалары бойынша өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады.

Ресей тарапының екі елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайту мақсатында Қазақстанның уран өндіру саласына бұдан ары қарай да инвестиция салуға мүдделі екені аталып өтті, - делінген Үкіметтің ресми сайтында.

Сонымен қатар, атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық перспективалары қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов пен Алексей Лихачев қолданыстағы жобаларды табысты жүзеге асыру үшін өзара іс-қимылды тығыз жалғастыруға және тиімді серіктестіктің жаңа бағыттарын талқылауға дайын екендіктерін растады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама