×

Атырау облысында арзанға сатылған газ құбыры мемлекетке қайтарылады

Заңбұзушылық тексеріс барысында анықталған

 Дәурен Ерболат 01.12.2023 | 09:07
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында тауарлы газды тасымалдау саласында заңсыз иемделген активтерді қайтару мәселесі талқыға салынды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Бас прокуратура жүргізген тексеру нәтижесінде 2021 жылы жекеменшік компания Атырау облысында ұзындығы 200 метрден асатын газ құбырын төмендетілген бағамен және заңды бұза отырып сатып алғаны анықталды. Атап айтқанда, QazaqGaz АҚ ұлттық операторының газбен жабдықтау нысандарын сатып алуға басым құқығы туралы заң нормасы бұзылған.

Талқылау нәтижесінде комиссия газ құбырын беру жөніндегі мәмілені жарамсыз деп тану және мүлікті мемлекет меншігіне қайтару бойынша тиісті материалдарды сотқа жолдау туралы шешім қабылдады. Алдағы уақытта оны өңірдегі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды газбен қамтамасыз ету үшін пайдалану жоспарланып отыр, - деп жазылған хабарламада.

Үкімет басшысы осыған ұқсас жағдай қалыптасқан басқа да бірқатар кәсіпорында тиісті жұмыс жүргізу қажет екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама