×

Қазақстан мұнай тасымалдаудың балама жолдарын қарастырып жатыр

Ақшолақов мұнай саласындағы проблемаларды атады

 Айнұр Шошаева 20.05.2022 | 17:00
фото: ашық дереккөзден

Қазақстан мұнайды тасымалдау мен экспорттаудың балама жолдарын қарастырып жатыр. Бұл туралы бүгін энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

Министрдің айтуынша, КҚК мұнай құбыры апаттан кейін қалпына келіп, штаттық режимде жұмыс істей бастады. Бүгінде министрлік мұнай тасымалдаудың балама жолдарын қарастырып жатыр. Қазақстанда мұнай экспортының балама жолдары бар. Алайда көлемі қолданыстағы өнім үшін жеткіліксіз. 

КҚК бұл жылына 54 млн тонна мұнай болғандықтан, оған бір күнде балама табу техникалық жағынан мүмкін емес. Мұндай көлемді кеңейту үшін кем дегенде үш жыл қажет, - деді ол елорда тұрғындарымен кездесуінде өзіне қойылған сұраққа жауап беру кезінде. 

Бұған қоса ведомство басшысы мұнайды порт арқылы Бакуге экспорттауға қатысты қалыптасқан жағдайды түсіндірді. Спикердің пікірінше, тасымалдаудың бұл жолы инфрақұрылым жағынан ұзаққа созылады. Себебі портты ұлғайтып, Құрық портын жасау мен мұнай құбырын тарту қажеттігі туындайды. 

«Танкерлерді табу керек. Айта кетсек, Каспий таяз. Кез келген танкер үшін қолайлы емес. Бұған қоса Баку осынша өнімді қабылдай ма, жоқ па белгісіз. Бұл үшін бұл сұрақ күрделі. Бірақ балама жолдарды қолданамыз. Қазір қарап жатырмыз», - деп толықтырды Ақшолақов. 

Сонымен бірге министр балама жолдарды іске қосу үшін қаржымен бірге кепілдіктер қажет деп есептейді. Сондықтан бұл мәселені өте мұқият қарау керек деген пікірде. 

Балама жолдар салу мәселесі қарастырылып жатыр. Бірақ оны салу үшін жеткізу кепілдіктері қажет. Мен 20 миллиондық құбыр салып, ол кейін бос тұрса, яғни дарынсыз ескерткіш тұрғыза алмаймын ғой. Оны салмас бұрын мұнайды алатынына кепілдік керек. Себебі оны салу үшін ақша жұмсалады. Ал ол қайтарылуы тиіс. Идеялар бар. Бірақ іске асырудағы мәселе өте мұқият қарастырылуы қажет. Өйткені бұл көп ақшаны қажет етеді. Өте үлкен тәуекелдер.  Бір тәуекелден құтыламыз деп жүріп, екіншісіне тап болғымыз келмейді, - деді Болат Ақшолақов.

Бұған дейін энергетика министрі газды неліктен Ресейден импорттау керектігін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама