Halyq Uni логотип
×

Тоқаев «Солтүстік-Оңтүстік» бағдарында жүк өткізу қабілетін 15 млн тоннаға ұлғайту қажеттігін айтты

Ол – Еуразияны Шығанақпен, Африкамен және Үндістанмен байланыстыратын бағдар

 Динара Амантай 27.11.2023 | 13:05
Тоқаев «Солтүстік-Оңтүстік» бағдарында жүк өткізу қабілетін 15 млн тоннаға ұлғайту қажеттігін айтты
Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Abu Dhabi Ports Group компаниясының басқарушы директоры Мұхаммед Жуму әл-Шамисиді қабылдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Кездесу барысында мемлекет басшысы Ақтау және Құрық порттарын дамытуды Қазақстанның стратегиялық мақсат етіп отырғанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мұхаммед Жуму әл-Шамиси Abu Dhabi Ports Group компаниясының көлік-логистика саласындағы бай тәжірибесін ескере отырып, осы саладағы өзара тиімді қарым-қатынастың перспективаларын талқылады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мұнайын Орта дәліз арқылы Әзербайжанға тасымалдау жөніндегі «ҚазМұнайГаз» компаниясы мен ADP арасындағы ынтымақтастықты оң бағалады. Сондай-ақ Еуразияны Шығанақпен, Африкамен және Үндістанмен байланыстыратын «Солтүстік-Оңтүстік» бағдарының әлеуетін пайдалану жоспары туралы айтты.

Оның пікірінше, 2027 жылға қарай аталған бағыттың жүк өткізу қабілеті кемінде 70 пайыз артып, 9 миллион тоннадан 15 миллион тоннаға дейін ұлғаюға тиіс. Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» мен ADP арасында бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі уағдаластықты ерекше атап өтіп, бұл жобалардың табысты іске асырылуына тілектестік білдірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама