Halyq Uni логотип
×

Министр газды неліктен Ресейден импорттау керектігін айтты

Бұл қаншалықты тиімді болмақ?

 Айнұр Шошаева 20.05.2022 | 15:55
Министр газды неліктен Ресейден импорттау керектігін айтты
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда газды батыстан солтүстікке тартқаннан гөрі Ресейден импорттаған арзанға шығады. Бүгін энергетика министрі Болат Ақшолақов журналистердің сұрағына жауап беру кезінде осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

Ақшолақовтың ойынша, елімізді табиғи газбен қамтамасыз ету үшін қосымша табиғи газдың тұрақты көлемін табу қажет. 

Егер мұндай газ табылса, жаңа газ құбырын салу керек. Өйткені қазіргі «Сарыарқа» газ құбыры шыдай алмайды, - деді ол халықпен есептік кездесуінен кейінгі брифингі кезінде. 

Бұған қоса ведомство басшысы газды импорттаған арзан екенін атап өтті. 

«Қазір ресейлік газды сатып алу, сонымен қатар дамыту әлдақайда оңай. Себебі Батыс Қазақстан облысынан Петропавлға дейінгі қашықтық екі мың шақырымнан асады. Ал Ресейден тарту – 500-600 шақырым. Есептей беріңіз, бағасы жағынан айырмашылық әлдеқайда көп», - деді Болат Ақшолақов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама