Қай елдердің азаматтары Қазақстанда кәсіпкерлікпен айналыса алады
Рұқсат санаулы ғана мемлекетке берілген екен
Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Беларусь, Армения елдерінің азаматтары Қазақстанда кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыра алады. Бұл туралы қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
«2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес, жеке кәсіпкер ретіндегі қызметті еліміздің аумағында тұрақты тұратын, яғни Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар еліміздің азаматтары, қандастар, сондай-ақ Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Беларусь, Армения елдерінің бейрезиденттері жүзеге асыра алады», – дейді комитет.
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап бейрезидент-жеке тұлғаларды, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу, оның ішінде ЖСН қалыптастыру, тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, сондай-ақ жеке тұлғалардың ЖСН нөмірін алып тастау функциясы мемлекеттік кірістер комитеті құзыретінен ішкі істер министрлігіне берілді.