×

Қазақстанда қандай азық-түлік қымбаттады

Бірнеше өнім бағасы өскен екен

 Қымбат Елтайқызы 19.05.2022 | 17:15
фото: ашық дереккөзден

2022 жылғы 17 мамырдағы дерек бойынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі мен орташа бағалары жарияланды.

«19 атауды қамтитын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар өткен аптада 0,1%-ға, ай басынан бері 0,6%-ға, жыл басынан бері 15,4%-ға өстіЖылдық мәнде бағалар 20,1%-ға қымбаттады, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,7 пайыздық тармаққа жоғары»,- дейді ұлттық статистика бюросы.

 Бір апта ішінде басты пияздың, картоп пен сәбіздің бағасы болмашы өсті:

  • пияз - 1,8%;
  • картоп - 1,6%;
  • сәбіз - 1,4%.

Арзандаған тауарлар:

  • қырыққабат – 6,7%;
  • жұмыртқа, І санат – 3,2%.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы өскен 11 өңір анықталды. Смайылов әлемде қандай азық-түліктің қымбаттап жатқанын айтты. Қазақстанда ұн тағы қымбаттады. Экспорттаушы 10 елдің қатарында болсақ та, елде азық-түлік қымбат - Күрішбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама