Газды жөнелту тұтынушылардан өтінімдердің келуіне қарай іске асырылады
Қазір Шымкент мұнай өңдеу зауытында сұйытылған мұнай газын өндіру және жөнелту Энергетика министрлігі бекіткен жоспарға сәйкес тұрақты жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni.
Шымкент МӨЗ Шымкент қаласынан басқа, еліміздің басқа оңтүстік өңірлеріне (Алматы қ., Түркістан және Жамбыл облыстары) тиеп жөнелтуді іске асырады. Қазанда 25,3 мың тонна өндірістің жиынтық жоспары кезінде кәсіпорын 31,5 мың тонна сұйытылған газ жөнелтті. Биыл қарашаның 15 күнінде жоспарлы көрсеткіш 15,8 мың тонна болған кезде тұтынушыларға 16,4 мың тонна (бұған дейін жинақталған қалдықтардан 587 тоннаны қосқанда) жіберілді.
СМГ орташа тәуліктік өндірісі қазанда 1 мың 42 тонна, тиеп жөнелту 1019 тоннаны болды. Бұл тәулігіне 29-30 вагон-цистернаға сәйкес келеді. Қарашаның 15 күнінің қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 1 мың 102 тоннаға жетті, ал тиеп-жөнелту – 1097 тонна (29-30 вагон-цистерна).
Шымкент қаласы бойынша қарашада зауыт 7,5 мың тонна СМГ жөнелтуді жоспарлаған. 15 күннің қорытындысы бойынша 3,8 мың тонна (жоспардың 50%) жөнелтілді. Жоспарлы орташа тәуліктік тиеп-жөнелту шамамен 7 вагон-цистерна болды.
Жалпы алғанда, газды жөнелту Шымкент МӨЗ резервуарларында өнімнің жинақталуына және паспортталуына, сондай-ақ тұтынушылардан өтінімдердің келуіне қарай іске асырылады. Мұндай тәжірибе дәстүрлі болып есептеледі және оны тек отандық зауыттар ғана емес, бүкіл әлемдегі МӨЗ де қолданады.
Сұйытылған мұнай газы (СМГ) (liquefied petroleum gas - LPG) - бұл қалыпты температурада газ күйінде болатын, ал салқындатылған немесе қысымы жоғары қалыпта сұйылтылатын мұнай қабатынан алынған жеңіл көмірсутектердің қоспасы.
СМГ негізінен бутан мен пропаннан тұрады. Кейде конденсат деп те атала береді.
СМГ мұнай мен ілеспе мұнай газын өңдеудің ең жоғары сапалы өнімі болып табылады. СМГ мотор отыны ретінде автомобиль қозғалтқыштарында бірқатар маңызды артықшылықтарға ие. Бұл газдар жоғары жану жылуына ие, әрі тасымалдауға жарайды. Сұйытылған газдарда жұмыс істеген қозғалтқыштардың техникалық-экономикалық және санитарлық-гигиеналық көрсеткіштері жоғары болады. Сұйытылған газдар қоршаған орта температурасында және салыстырмалы түрде аз қысымда газ күйінен (бу фазасынан) сұйық күйге (сұйық фазаға) ауысады.
Айта кетейік, 18 қазанда ҚР Энергетика министрлігінде Қоғамдық кеңес мүшелері Қазақстанда сұйытылған мұнай газының тапшылығын болдырмау мәселелерін талқылады. Отырыс барысында вице-министр сұйытылған мұнай газын электрондық бөлуді енгізу, «Теңізшевройл» ЖШС бөлетін сұйытылған мұнай газының көлемін ұлғайту, көлік қызметтерінің өсуіне байланысты сұйытылған мұнай газына әділ баға белгілеуді енгізу, сұйытылған мұнай газын өндіруді ұлғайту бойынша өндірушілерді ынталандыру жөнінде ақпарат ұсынды. Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері отырыста қаралған мәселелерді шешу бойынша бірқатар ұсыныстар енгізіп, Энергетика министрлігінің салалық бөлімшелерімен одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС шығаратын өнімнің тізімі: