Pfizer компаниясы елімізде вакцина өндірмек
Бұл вакцина көбіне кішкентай балалар мен егде жастағы азаматтарға салынады
Pfizer компаниясы Қазақстанда зауыт ашып, пневмонияға қарсы вакцина өндіруге ниетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Әлемге әйгілі Pfizer компаниясы елімізде фармацевтикалық зауыт ашуды жоспарлап отыр. Компания өнімі Қазақстанда шығарылады. Сондай өнімнің бірі – вакцина, яғни пневмококк инфекциясына қарсы екпе. Бұл вакцина көбіне кішкентай балалар мен егде жастағы азаматтарға салынады. Олардың арасында өкпесі ауыратын азаматтар да бар. Осылайша, пневмококк инфекциясына қарсы іс-шаралар жүргізіледі, - деді Ажар Ғиният.
Сонымен қатар ведомство басшысы жоба аясында бірқатар құжат әзірленіп жатқанын жеткізді.