×

Қаржы министрі 165 млрд баж салығының бюджетке неге түспегенін айтты

Ол себеп-салдарын түсіндірді

 Ербол Тұрымбет 19.05.2022 | 12:30
коллаж: Halyq Uni

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджетке түспеген 165 млрд теңгеге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, қазір түсім қарқыны артып келе жатыр. Жалпы, кеден саласындағы баж салығы есебінен жыл басынан бері бюджетке 175 млрд теңгеден астам ақша түскен. Бұл былтырғы осы кезеңнің динамикасынан шамамен 25%-ға артық. 

Ал шығын болған 165 млрд теңгені толығымен бюджетке түсіру үшін министрлік енді ғана бар күш-жігерін салып жатыр. Яғни, алдыңғы жылдары 165 млрд-қа дейін жоғалған қаражаттың биылғы бюджет жоспарында толығымен орны толмақ. 

Былтыр және алдыңғы жылы қиын болды. Негізгі себеп – пандемия. Одан соң, Қытаймен шекара жабық болды. Қытаймен шекара енді-енді ашылып жатыр. Қытайдағы карантин режимі әлі жойылған жоқ. Бірте-бірте ғана шекараны ашып, тауарларын жіберіп жатыр. Санитарлық нормаларға өте жоғары көңіл бөледі. Әрбір контейнерді, әрбір жүк көлігін арнайы сұйықтықпен тазалап, дезинфекция жасап отырады, – дейді Жамаубаев. 

Министр тауарларды әкелген кезде баж салығын толығымен төлемеу заңсыздықтары бойынша құқық қорғау органдары сол ақшаны қайтару жөнінде тиісті жұмыстар жүргізіп жатқанын жеткізді.

Бас прокуратура президент тапсырмасына сәйкес кеден саласында тексерулер жүргізген еді. Нәтижесінде, мемлекетке 165 млрд теңгеге залал келтірген кедендік төлемдерден жалтару әрі тауарларды жалған декларациялау фактілері анықталған. Тек Қытаймен шекаралас кеден бекеттерінің өзінде тауарларды жалған декларациялаудың 367 фактісі белгілі болған. Уәкілетті экономикалық операторлар кәсіпкерлердің салықтан жалтаруы үшін соңғы екі жылда 221 млрд теңгеге жалған есепшот құжаттарын жасаған. Тексерудің бір айында ғана жалпы құны 800 млн теңгені құрайтын контрабанданың 16 фактісі анықталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматы мәслихатына сайланған депутаттардың аты-жөні белгілі болды

Қала бойынша Amanat партиясы 51,94% дауыс жинады
24.03.2023 | 17:05

Ресей мен Беларусь хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді

Ұйым басшылығы спортшыларды жарыстарға қатыстырудың өзі қауіпсіздікке залал келтіреді деп санайды
24.03.2023 | 16:53

Атырауда трамадолды шамадан тыс қолданған спортшы суицид жасады (ВИДЕО)

Бұл препарат Украина, Ресей, Өзбекстан, Беларусь мемлекеттерінде есірткілердің тізіміне енгізілген
24.03.2023 | 16:32

Роналду жаңа рекорд жасады

Португалияның футболшысы ресми матчтарда 100 гол салды
24.03.2023 | 16:23