Құрылыс қарқыны едәуір өскен өңірлер белгілі болды
Құрылыс көлемі бәсеңдеген аймақтар да аталды
Ұлттық статистика бюросы құрылыс көлемі туралы ақпарат жариялады.
2022 жылғы қаңтар-сәуірде құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 863,7 млрд теңгені құрады. Бұл 2021 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 9,5%-ға көп.
Құрылыс жұмыстарының орындалуы:
- жеке ұйымдармен – 78,8%;
- шетелдік – 21%;
- мемлекеттік – 0,2%.
Еліміздің 15 өңірінде құрылыс жұмыстары көлемі едәуір өскен. Ақмола облысында (37,5%), Алматы (37,5%), Нұр-Сұлтан (19,6%) қалаларында айтарлықтай өсім байқалып отыр.
Бұл ретте көлемнің азаюы республиканың екі өңірінде – Маңғыстау (26,2%), Түркістан (18,9%) облыстарында белгіленді.
2022 жылғы қаңтар-сәуірде пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы – 4042,4 мың м2.