2024 жылдан бастап алтын әшекей сататын орындар тексеріледі
Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев елімізде сатылатын зергерлік бұйымдардың басым бөлігінде сынама болмайтынын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оның пікірінше, қазақстандықтар алтын әшекей сатып алғанда сынамаға сақ болуға тиіс.
Зергерлік бұйымдарды сату маңызды проблемаға айналды. Кез келген адам зергерлік бұйымдар сатып алады. Бірақ онда қазақстандық таңба болуға тиіс. Сатылатын зергерлік бұйымдардың сынамасы расталып әрі сараптамадан өтуі керек, - деді Қуаныш Елікбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Комитет төрағасы 2024 жылы кешенді тексеріс жоспарланып отырғанын жеткізді.
Қазақстанда тауар сараптамадан өтпеген. Осындай 36 пайыз заңбұзушылық жойылды. Тауарлардың сынақтан өтпегені расталып, мемлекеттік органдарға хабар жіберілді. Осылайша, зергерлік бұйымдарды сату тоқтатылды. Бұған қарамастан, зергерлік бұйымдарды сатушылардың 654 субъектісі талапты орындамады. Сондықтан 2024 жылы кешенді тексеру жүргіземіз, - деді ол.