Қант бағасы жыл соңына дейін күрт қымбаттамайды – министр

Ербол Тұрымбет

Ауыл шаруашылығы министрі баға әлемдік нарыққа тәуелді екенін жасырмады

коллаж: Halyq Uni

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, қант бағасының өсуі – әлемдік тенденция. Себебі, құрақ қантының бағасы Лондон биржасында, ал қант бағасы Нью-Йорк биржасында белгіленеді.

Биржалық тауар болған соң әлемдік бағаға тәуелді. Бірақ қант бағасы қатты өседі деген болжам жоқ. Өңірлер арасында (1 келі) 400-500 теңге аралығында. Сол баға жыл соңына дейін сақталады деп отырмыз, - дейді министр.

Министрдің сөзінше, қант әр дүкенде түрлі бағада сатылуы мүмкін. Ол тек шикізат құны мен әлемдік нарыққа байланысты.

«Бізде өндірілетін қанттың 70%-ы қант құрақшасынан жасалады. Қазір қант өндірісі саласын дамыту жөнінде үлкен бағдарлама әзірлеп жатырмыз. Бағаның өсуі мен төмендеуі әлемдік қант құрақшасы бағасына байланысты», - дейді министр.

Министрлік мамыр айында отандық қант өндірісінің көлемі 30-35 мың тонна аралығында деп болжап отыр. Келер жылы маусым айында 40-45 мың тонна аралығында болуға тиіс. Мұншалықты өндіріс көлемі ішкі сұранысты толық қамтамасыз етеді екен.