Bereke Bank-ті катарлық инвестор сатып алатын болды
Қазір оның акциясының 100%-ы «Бәйтерек» ұлттық холдингіне тиесілі
Бұл туралы бүгін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді.
Бұған дейін президент Қазақстан нарығына 3 шетелдік банкті тартуды тапсырған болатын.
Бізде тек бір банк бойынша нақты ұсыныс бар. Ол – Bereke Bank. Банк қазір бір шетелдік инвестор тарапынан due diligence процесінен өтіп жатыр. Инвестор – Катар елінен. Ал басқа банктер бойынша бізде әзірге нақты ұсыныс жоқ, – деді Мәдина Әбілқасымова парламенттік тыңдаудан кейін журналистердің сұрағына берген жауабында.
«Сонда Bereke Bank-ті катарлық инвестор сатып ала ма?» деген сұраққа агенттік төрағасы «иә» деп жауап берді.
Еске сала кетсек, Bereke Bank – «Сбербанктің» бұрынғы еншілес банкі. Қаржы ұйымы акциясының 100%-ы Үкіметке («Бәйтерек» ұлттық холдингіне) тиесілі.