Сенаторлар дауыс беру нәтижесінде заңды мақұлдады
Сенаттың жалпы отырысында депутаттар «Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды мақұлданды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Келісім 2022 жылдың 20 қазанында Ереван қаласында бекітіліп, Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісімді ратификациялауға бағытталған. Құжат мүше мемлекеттердің экспортты қолдаудың бірлескен шараларын, оның ішінде сақтандыру жолымен Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 41-тармағын іске асыруға мүмкіндік береді.
Cенатор Серік Шайдаров аталған компания қандай мәселелерді шешу үшін құрылып жатқанын айтты.
Ол өзара сауда және инвестиция көлемін ұлғайтуға, компанияға қатысушы мемлекеттер арасындағы экономикалық интеграцияны дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар, инвестицияны арттыруға және мүше мемлекеттердің үшінші елдермен сауда-экономикалық байланыстарын кеңейтуге бағытталған, - деді депутат.
Сенатордың сөзін Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев толықтырды.
«Мұндағы негізгі мәселе Қазақстанның экспортын ұлғайтуға байланысты. Қазір барлық экспорттық операция KazakhExport компаниясы арқылы сақтандырылады. Бүгінде көбіне компаниялар тауарларды экспортқа шығарғанда KazakhExport құралдарын қолданады. Алайда компанияның құралдары шектеулі. Қаржыға қатысты айтып тұрмын. Сондықтан осы компания өз тәуекелдерін басқа компанияларда қайта сақтандырып отыр.
Бұл – халықаралық компаниялар. Олар Англия, Швейцария және тағы басқа мемлекеттерде орналасқан. Дегенмен бұл компаниялар Ресей мен Украина соғысы басталғаннан кейін РФ-ға тасымалданатын тауарларды сақтандырудан бас тартып отыр. Қазір KazakhExport тәуекелдері 40%-ға жетті. Сондықтан тәуекелді қайта сақтандыру үшін аталған компания құрылып жатыр. Сондай-ақ ол Ресей мен Беларусьпен сауданы ұлғайту үшін де керек», - деді министрдің орынбасары.
Жалпы отырыстан соң ол құрылатын компанияға қанша қаржы құйылатынын айтты.
Жаңа компанияның жарғылық капиталында Қазақстанның жарнасы – 20%: 5 млрд рубль – шамамен 25 млрд теңге.
Беларусь – 30%, Армения – 3%, Қырғызстан – 2%, ал Ресей 45%-ын салып отыр. Осы ақшаны бір рет саламыз, ол айналымда болады, - деді Қайрат Төребаев.
Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясы төмендегі функцияларды орындайды:
Сенаторлар дауыс беру нәтижесінде аталған заңды мақұлдады.