Өйткені биткоин орталықсыздандырылған
Алдағы уақытта дәстүрлі валюталар жойылып, олардың орнын биткоин басуы мүмкін. Бұл туралы Draper Fisher Jurvetson компаниясының тең құрылтайшысы және Дрейпер университетінің негізін қалаушы Тим Дрейпер Halyq Uni басылымына берген сұқбатында айтты.
«Биткоинды еркін адамдар пайдаланады. Биткоин орталықсыздандырылған, ашық, транспарент, есебі мінсіз», - деген венчурлық инвестор.орталық банктердің цифрлық валюталарының да кемшін тұстары бар екенін айтты.
Бұл (цифрлық валюта – ред.) биткоинға көпір іспеттес. Алайда ол да бәрібір орталықтан басқарылады. Мен орталықтан бақыланатын валюталарды ұната қоймаймын. Өйткені ондай валюталарға саяси күштер мен экономикалық қиындықтар секілді көптеген факторлар әсер етеді. Билік валютаны тым көп шығарып, ақыр аяғында ол валюталар құнсызданады, - дейді Тим Дрейпер.
Тим Дрейпердің ойынша, АҚШ доллары 20 жылда жойылады.
Менің ойымша, барлық фиат ақшалар әлемде ұзақ мерзімді емес. Кез келген орталықтандырылған валюта, мейлі ол фиат болсын, мейлі ол криптовалюта болсын, жақсы емес. Бізге орталықсыздандырылған валюта, мүмкін бірнешеуі керек. Бізге биткоин секілді валюта керек. Өйткені орталықтандырылған валютада FTX секілді нәрселер болуы мүмкін, немесе АҚШ үкіметі 10 трлн доллар басып шығарады да, инфляцияға ұшыратады. Орталықсыздандырылған валютада мұндай нәрселер болмайды. Менің ойымша, кез келген үкіметтің валюта өз міндетін атқара алмай отыр. Бізде қазір жаңа экономика және банктер мен үкіметке байланған адамдар бұдан жақсырақ жол болуы мүмкін екенін байқап жатыр. Биткоин экономикасы доллар немесе теңге экономикасына қарағанда мықтырақ, - дейді ол.
Дрейпер сонымен қатар биткоинда ешқашан инфляция болмайтынын да атап өтті.
Әлемде тек 21 млн биткоин, яғни 21 квадриллион сатоши бар, әрқашан солай болады. Сондықтан сіз биткоин алып жатқанда алдын ала біліп тұрасыз, - дейді инвестор.