×

Қазақстандық кәсіпкер америкалық ірі венчурлық инвестормен кездесті

Кездесуде жел және күн электр станцияларын салу мәселесі талқыланды

 Халық үні 14.10.2023 | 23:00
Фото: Исламбек Салжановтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының төралқа төрағасы Исламбек Салжанов әлемдегі ең танымал венчурлық инвесторлардың бірі – Тим Дрейпер кездесті. Тим Дрейпер Digital Bridge 2023 халықаралық форумына спикер ретінде қатысу үшін АҚШ-тан Астанаға ұшып келді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның жаңартылатын энергияны дамытудағы әлеуетін, атап айтқанда жел және күн электр станцияларын салу жайын талқылады. Әңгімелесу барысында Исламбек Салжанов Дрейпер мырзаға Жоңғар қақпасының орасан зор жел күші туралы айтып берді.

Тараптар сондай-ақ блокчейн технологиясын дамытудың одан арғы перспективаларын, сондай-ақ Amazon, Google сынды өзге де техникалық алпауыттарға есептеу қызметтерін көрсету үшін Қазақстанда дата орталықтарын салуды талқылады. Өз кезегінде Тим Дрейпер халықаралық сарапшы ретінде Қазақстанда венчурлық қаржыландыруды дамытуға қатысты тәжірибесімен бөлісті.

Венчурлық инвестор Қазақстанда да, әлемде де жасыл энергияға сұраныс айтарлықтай қарқынды өсетінін айтты. Оның айтуынша, Жоңғар қақпасының бірегей әлеуеті болашақта ішкі нарықтың қажеттілігін өтеп, жасыл энергияны экспорттауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Тим Дрейпер әлемде Деректерді өңдеу орталығының қызметтеріне сұраныс қарқынды өсіп келе жатқанын атап өтті. Осылайша, Қазақстан есептеу қызметтерін көрсететін аймақтық хабқа айналуға мүмкіндігі бар.

Дрейпер мырза Қазақстанға сапарлап келгеніне қуанышты екенін, мұнда түрлі шығармашылық идеялары бар көптеген жастармен жүздескенін айтты. Мен өз тарапымнан Тим Дрейпер мырзаға елімізге сапарлап келгені үшін және қазақстандық стартаперлерге қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Кездесу соңында тараптар ендігі жолы Сан-Францискодағы Силикон алқабында кездесуге уағдаласты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама