8 айда Қазақстан ЕАЭО елдерімен 18,5 млрд долларға сауда жасаған
Тауар айналымы бір жылда 1,2% өсті
Биыл 8 айда Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 18,5 млрд долларға жетті, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.
2023 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстаның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 18518,7 млн доллар болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 1,2%-ға артық, - деп жазылған хабарламада.
Статистика бюросының мәліметінше, бұл кезеңде тауарлардың экспорты – 7 050,4 млн доллар. Бұл өткен жылғы көрсеткіштерден 20,5%-ға артық. Импорт – 11 468,2 млн доллар, 7,9%-ға төмендеді.
Қазақстанмен сыртқы саудадағы үлес төмендегідей:
- Ресей Федерациясы – 91,8%;
- Қырғызстан – 4,7%;
- Беларусь – 3,3%;
- Армения – 0,2%.