Қазақстанда қанша жеңіл көлік тіркелген – статистика жарияланды

Қымбат Елтайқызы

Бүгін елімізде жеңілдетілген автонесие бағдарламасы іске қосылды

фото: Halyq Uni

2022 жылғы қаңтар-наурызда 204 мың жеңіл автокөлік тіркелді, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

«Көрсетілген кезеңде Қазақстанда 204 238 жеңіл автомобиль есепке қойылды. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 9%-ға аз. 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, елімізде тіркелген жеңіл көліктердің жалпы саны 3 млн 833,3 мыңды құрады», – дейді статистика бюросы.

2022 жылғы бірінші тоқсанда 2600 жол апаты тіркеліп, 3 968 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апат саны 0,8%-ға азайды.

1 сәуірдегі жағдай бойынша, сақтандыру ұйымдары автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша 10,7 млрд теңге сомасында 21 370 сақтандыру төлемін жүзеге асырған, – дейді бюро.

Атап өтсек, бүгін Қазақстанда жеңілдетілген автокредит бағдарламасы іске қосылды.