Қазақстанда баспана күрт арзандауы мүмкін бе?
Елімізде жылдық инфляция – 13,1%
Қазақстанда тұрғын үй бағасы төмендеуі мүмкін. Бұл туралы «Отбасы банктің» төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
«Жылжымайтын мүлік нарығының сарапшысы ретінде айтайын. Менің ойымша, инфляцияның жалпы деңгейін ескерсек, оның ішінде азық-түлік қана емес, сондай-ақ азық-түлікке жатпайтын тауарлар да бар.
Бағалы қағаздар нарығында жұмыс істемейтін, портфельдік инвестициямен белсенді айналыспайтын, (тұрғын үй нарығын – автор) негізгі актив ретінде қарастыратын адамдар үшін оның құлдыруы екіталай. Сондықтан біз сарапшылар ретінде тұрғын үй бағасының төмендеуін күтпейміз, - деді Ләззат Ибрагимова Мәжіліс кулуарында.
Бұған дейін «Отбасы банктің» төрағасы елімізде эконом санаттағы үйлерге сұраныс артатынын айтқан еді.