Halyq Uni логотип
×

Билік «АрселорМиттал» активтерін тартып алуды көздемейді – министр

Мұндайға жол берілсе, елдің беделіне нұқсан келуі мүмкін

 Дәурен Ерболат 19.09.2023 | 14:00
Билік «АрселорМиттал» активтерін тартып алуды көздемейді – министр
фото: Halyq Uni

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға тиесілі кен орындарында болған қайғылы оқиғаларға қарамастан оған тиесілі активтерді тартып алу туралы мәселе көтерілмегенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Шетелдік компания тек заң аясында жұмыс істеп, жұмысшылардың қауіпсіздігін сақтауға тиіс.

Қазақстанда шетелдік инвестордан ешкім ештеңе тартып алмайды. Елімізде жұмыс істейтін инвесторлардан заң талабының сақталуын талап етеміз. Заңнамалық механизмге сәйкес, шетелдік инвестор Қазақстан нарығынан шығуға шешім қабылдаса, онда ол өзіндегі активті басқа инвестормен немесе Қазақстанмен сатып алу-сату шартын жасасады. Активтерді әлеуетті мемлекет меншігіне алудың қандай да бір тетігі туралы айтсақ, мұндай жағдайды Қазақстанда көрмейміз деп үміттенеміз. Өйткені бұл инвестициялық климатқа үлкен соққы болады, - деді Қанат Шарлапаев.

Айта кетейік, биыл 17 тамызда «АрселорМиттал Теміртауға» тиесілі «Қазақстан» шахтасында апат болып, 5 кенші қаза тапқан еді. Осыдан кейін қоғамда аталған компанияның Қазақстан нарығынан кетуі туралы сөз қозғала бастады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама