Биыл Қазақстандағы көлік саны 5 миллионнан асып кетті
Былтырғы 1 тамыздағы жағдаймен салыстырғанда, көлік саны 15% өскен
Қазақстандағы көлік саны 5 миллион межесінен асты, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
2023 жылғы шілдеде 169,3 мың автокөлік есепке қойылды. Бұл көрсеткіш – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 1,8 есе артық. Оның ішінде жеңіл автокөліктер 1,8 есе, автобустар 2,2 есе және жүк көліктері 1,8 есе артты, - делінген хабарламада.
Өткен жылғы 1 тамыздағы жағдаймен салыстырғанда, көлік саны 15% өскен.
Жеңіл автокөліктердің ең көп саны Алматы облысында – 223 мың, Алматы қаласында – 200,7 мың, Астанада – 153,7 мың, Қарағанды облысында – 151 мың және Шығыс Қазақстан облысында – 137,4 мың.