Өңірлер 31 млрд теңгені игермеген
2023 жылғы 8 айда Астана қаласы, Атырау, Алматы және Батыс Қазақстан облыстары бөлінген қаражатты игере алмаған. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Үкімет отырысында министр биыл 8 айдағы мемлекет қаржысының атқарылуы туралы есеп берді. Осы кезеңде мемлекеттік бюджетке 12,5 трлн теңге, республикалық бюджетке 8,3 трлн теңге кіріс түскен. Жоспар 89,1% орындалды.
Салықтар бойынша жоспардың орындалмауы негізінен корпоративтік табыс салығы, шикі мұнайға экспорттық кеден бажы, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық импортқа салынатын қосымша құн салығы есебінен қалыптасты. Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспардың орындалмауы 306 ірі салық төлеуші бойынша мәлімделген аванстық төлемдер сомасының 26% азаюымен байланысты, - деді Ерұлан Жамаубаев.
Оның айтуынша, жергілікті бюджеттердің кірістері – 4,2 трлн теңге. Жоспар 659 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар бойынша 610 млрд теңгеге асыра орындалды. Кірістер бойынша жоспарлар барлық өңірде асыра орындалған.
Сондай-ақ республикалық бюджет бойынша 14,5 трлн теңгеге шығыстар жүргізілген. Атқарылмау – 107 млрд теңге, оның ішінде үнемдеу – 21 млрд теңге. Игерілмегені – 86 млрд теңге. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомасы Төтенше жағдайлар, Экология және табиғи ресурстар, Туризм және спорт, сондай-ақ Ішкі істер министрліктерінде, - деді вице-премьер.
Игерілмеудің негізгі себептері төмендегідей:
Жергілікті бюджеттердің шығыстары – 7,7 трлн теңге, атқарылмағаны – 131 млрд теңге.
«Биыл өңірлерге 2 трлн теңгеге жуық нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 қыркүйекке 990 млрд теңге бөлінген. Оның 96,8%-ы игерілген. Атқарылмағаны – 32 млрд теңге. Оның ішінде 1 млрд теңге – үнемделген қаражат, 31 млрд теңге игерілмеген.
Игерілмеген қаражаттың ең көбі Астана қаласы, Атырау, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарына тиесілі, – деді министр.