Жазатайым оқиғалардан сақтанатын азаматтар көбейді
Сақтандыру компаниялары бір айда 20 млрд теңге тапты
2023 жылғы шілде айының қорытындысы бойынша, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері негізінен сақтандыру қызметі бойынша кірістердің өсуі нәтижесінде 1,6%, 2,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Көрсеткіш жыл басынан бері 15,9% көбейді, деп хабарлайды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.
2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша активтер құрылымында ең көп үлес бағалы қағаздарға – 71,3% (1,7 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға – 6,0% (143 млрд теңге), сақтандыру дебиторлық берешекке – 4,7% (112 млрд теңге) тиесілі.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері 2023 жылғы шілдеде 1,5 трлн теңгеге дейін 1,5% ұлғайды, 2023 жылдың басынан бері 18,9% өсті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы 2023 жылғы шілдеде 1,8% немесе 15,0 млрд теңгеге 860 млрд теңгеге дейін, негізінен сақтандыру қызметінен алынған пайда есебінен ұлғайды. 2023 жылдың басынан бері 10,9% көбейді.
2023 жылғы шілдеде сақтандыру нарығы бойынша таза пайда 20,2 млрд теңге болды, 2023 жылдың басынан бері – 128,7 млрд теңгеге көбейді.
2023 жылғы шілдеде жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 1 627 мың шартты құрады, бұл 2023 жылғы алдыңғы аймен салыстырғанда 1,9% көп.
2023 жылдың басынан бері жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 9 314 мың шартты құрады, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 32,3% артық. Негізгі өсім жазатайым оқиғалардан сақтандыру (116,2% немесе 998 мың шарт) және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру (19,6% немесе 652 мың шарт) бойынша шарттарға тиесілі.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 2023 жылғы шілдеде 85,5 млрд теңгені құрады. Сақтандыру сыйлықақылары 2023 жылғы 7 айда барлығы 577,8 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 25,4% көп.