Halyq Uni логотип
×

«Отбасы банктің» қызметі қайта қаралады

KazakhExport экспортты дамытатын толыққанды институтқа айналады

 Халық үні 01.09.2023 | 12:03
«Отбасы банктің» қызметі қайта қаралады
Фото: Владислав Воднев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында «Отбасы банктің» қызметін қайта қарауды тапсырды. 

«Отбасы банктің» қызметін қайта қарау керек. Басты назарды облыс орталықтарына емес, аудандарға, моно-қалаларға және ауылдарға аударған жөн. Бәсекелестік дамымаса, бизнес те өркендемейді. Бұл – айдан анық. Қазір негізгі салалардың көбінде бірнеше ірі кәсіпорын басымдыққа ие болып отыр. Бұл жағдай нарықтағы шынайы ахуалды көрсете алмайды, - деді Тоқаев.

Сондай-ақ «Бәйтерек» холдингінің құрылымы өзгеретінін мәлімдеді.

Мемлекеттік қолдау шараларын өндірістің технологиялық күрделілігіне және бизнестің нақты түріне қарай жіктеу маңызды. Оның операциялық тиімділігі жоғары болуы да өте маңызды. Сондықтан «Бәйтерек» холдингінің құрылымын өзгертіп, оны кең ауқымда цифрландырған жөн. Экспортты ұлғайтуға айрықша мән беру керек. Оның әдіс-тәсілдері болғанымен, жүйелі ұстаным жоқ. Осы орайда KazakhExport компаниясы экспортты дамытатын толыққанды институтқа айналады. Компанияға осы міндетті атқаруға қажетті құзырет берілуге тиіс, - деді президент.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама