Halyq Uni логотип
×

Қытайға экспортты ашу мәселелері елшілікте талқыланды

Мал шаруашылығы тауарлары бойынша уақытша шектеулерді алып тастау мәселесі қаралды

 Динара Амантай 17.08.2023 | 12:08
Қытайға экспортты ашу мәселелері елшілікте талқыланды
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Бас кеден басқармасының өкілдері отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау мәселелерін талқылады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, кездесу Қытайдың Қазақстандағы елшілігінде өткен. АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Абызбаев ветеринариялық қызмет жүйесіне аудит жүргізуге және отандық компанияларды экспорттаушылар тізіліміне енгізе отырып, қазақстандық кәсіпорындарды инспекциялауға дайындығы туралы мәлімдеді.

Сондай-ақ күн тәртібінде балық өнімдерін экспорттауға екіжақты ветеринариялық сертификатты келісу және мал шаруашылығы тауарлары бойынша уақытша шектеулерді алып тастау мәселелері болды.

Өз кезегінде АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің басшысы Берік Манасов ҚХР БКБ өкілдерімен рапс, бұршақ және жасымық экспортын ұлғайту мүмкіндігін, сондай-ақ қытай тарапынан сұлы/жарма және қызылша целлюлозасы бойынша тәуекелдерді бағалау талдауын алу мәселелерін талқылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама