Бизнеске арналған жеңілдетілген несие бойынша мөлшерлеме төмендеді

Динара Амантай

Өңірлік бағдарлама аясында 700-ден аса жұмыс орны құрылды

Фото: Halyq Uni

Аймақтық бағдарлама аясында бизнеске арналған жеңілдетілген несие бойынша мөлшерлеме 6%-ға дейін төмендеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаевтың айтуынша, «Almaty Business» өңірлік бағдарламасы аясында «Jana Business» жаңа қосалқы өнімі 7% орнына 6% жеңілдетілген несие бойынша ең жоғары мөлшерлеме болады. Шартқа сәйкес, несиелеу сомасы 100 млн теңге, 7 жыл мерзімге беріледі.

Бағдарламаның тағы бір жаңашылдығы – өнеркәсіп парктері субъектілеріне жылдық 6%-бен, 500 млн теңгеге дейін, 7 жылға дейінгі мерзімге несие алу мүмкіндігін беру, – деді Берік Солтанбаев.

Тиісті басқарманың басшысы «Алматы Бизнес – 2025» өңірлік бағдарламасы аясында 2023 жылдың алғашқы 6 айында 88 жоба қаржыландырылып, 707 жұмыс орнының құрылғанын атап өтті.