Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда жалпы ішкі өнім 4,8%-ға дейін өсуі мүмкін – Ұлттық банк

Ұлттық банк Халықаралық валюта қорының болжамын жариялады

 Дәурен Ерболат 15.08.2023 | 10:42
Қазақстанда жалпы ішкі өнім 4,8%-ға дейін өсуі мүмкін – Ұлттық банк
photo © Karen Bleier

Қазақстанда жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) өсімі 4,8%-ға дейін көтерілуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ұлттық банк өкілінің айтуынша, PMI жаһандық композиттік индексі шілдеде 51,7 мәнін көрсетті. Өндіріс пен жаңа тапсырыс өсімі баяулағанына қарамастан, қызмет секторы есебінен оң нәтиже бар.

«Қазақстанда іскерлік белсенділік жақсы мәнге ие болып, қызмет пен өндіріс секторы есебінен индекс 50,7 деңгейінде қалыптасты. Бизнес-климат индексін білдіретін бизнестің қазіргі және келешек жағдайын бағалау 16,0 мәніне дейін өсті», - деді Виталий Тутушкин Үкімет отырысында.

Биыл шілдеде Халықаралық валюта қоры жаһандық экономиканың өсуін 3,0%-ға дейін болжап отыр, оған Қытай мен Үндістан айтарлықтай үлес қосқан.

Халықаралық валюта қорының Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсіміне қатысты болжамы 4,3%-дан 4,8%-ға дейін көтерілді, - деді Виталий Тутушкин.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама