Halyq Uni логотип
×

Жеміс-көкөніс бағасын негізсіз қымбаттатқан 300-ге жуық делдал жойылды

Сауда және интеграция министрлігі жеміс-көкөніс өнімдерінің бағасын өсіргендерге шара қолданды

 Ая Өміртай 12.08.2023 | 14:01
Жеміс-көкөніс бағасын негізсіз қымбаттатқан 300-ге жуық делдал жойылды
Фото: Сауда және интеграция министрлігі

2023 жылдың 6 айында өңірлік комиссиялардың 995 отырысы өтіп, оның нәтижелері бойынша 298 өнімсіз делдал жойылды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бірінші жартыжылдықта бағаның маусымдық өсуін тежеудің қолданыстағы тетіктері шеңберінде алдын ала қалыптасқан қорлардан алынған көкөністер нарыққа жіберілді. Маусымаралық кезеңде мұндай қорлардың жалпы көлемі 139,4 мың тонна көкөністі (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат) құрады. Олар маусымдық бағаның ауытқуын тегістеу үшін индикативті бағамен нарыққа шығарылды”, - делінген хабарламада.

Сонымен бірге ведомство өкілдерінің мәліметінше, жергілікті атқарушы органдармен барлық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына индикативтік бағалар әзірленді және келісілген. Сондай-ақ отандық өндірушіні импорттық өнімнің демпингінен қорғау үшін шетелден әкелінетін ӘМАТ-тың ең төменгі көтерме бағасын белгілеу тетігі енгізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама