Үйлерді жалға беру қымбаттаған
Елімізде қайталама нарықтағы тұрғын үйлер арзандап жатыр, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Өткен айда 1 шаршы метрдің құны 1,7% төмендеп, 494,4 мың теңге болды.
Баға соңғы 4 айда төмендеді (мамырда өзгермеген).
Жалпы көрсеткіштің төмендеуі 5 қалада байқалды. Астанада қайталама нарықтағы үйлер айтарлықтай арзандады (-3,4%). Одан кейін Алматы (-1,5%), Көкшетау (-1,3%) және Қостанай (-1%) қалалары тұр. Өскеменде баға 0,5% ғана төмендеді.
Жыл басынан бері қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасы 3,7% төмендеп, бір жылда 0,7% арзандады.
Жаңа баспананың бағасы тек 0,1% төмендеді. Қазір пәтердің бір шаршы метрі – 486,2 мың теңге. Бұл соңғы 7 айдағы бағаның екінші рет төмендеуі саналады.
Баға жыл басынан бері 1,6% өсті, бір жылда 4,3% қымбаттады.
Төмен баға 4 қалада (Павлодар (-2,2%), Қостанай (-1,7%), Алматы (-0,6%) және Көкшетау (-0,9%) қалаларында) тіркелді.
Үйлерді жалға алу қымбаттады. Жалға алынған шаршы метрдің құны – 4,7 мың теңге. Бұл – өткен айдың деңгейінен 1,9% жоғары.