Мәслихат әкімдік шешімін қолдады: Алматыда жолақы қымбаттады
Бұған дейін жолақысы «Оңай» картасы арқылы төлем жасайтындар үшін 80 теңге болды
Алматыда қоғамдық көлікте жүру құны 20 теңгеге қымбаттайды, деп хабарлайды Halyq Uni.
«Алматы көлік холдингі» ЖШС ақпаратына сәйкес, қалада қоғамдық көлікті пайдаланатын жолаушылардың 97%-ы жол ақысын «Оңай» картасы арқылы, QR немесе SMS арқылы төлейді.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, Алматы жолаушылары үшін қолма қол ақшасыз төлем кезінде жол жүру ақысы 20 теңгеге қымбаттап, 100 теңгеге жетеді. Ал жеңілдігі бар азаматтар үшін жол жүру құны 10 теңгеге қымбаттайды.
Алматыда қоғамдық көлік үшін жол жүру құны 2012 жылы белгіленді. Содан бері тасымалдау шығындарының бірнеше есе артуына, дизель отыны мен газ бағасы өсуіне қарамастан тариф 80 теңге деңгейінде сақталды, - деп хабарлады қала әкімдігі.
11 жыл бұрын дизель отыны құны 90 теңгені, ал қазір 295 теңгені, ал газ құны бұрын 33 теңгені, ал қазір 108 теңгені құрады.
Жыл сайын Алматы әкімдігі әлеуметтік маңызы бар қалалық автобус маршруттарын субсидиялауға қаражат бөледі және осы уақыт ішінде қоғамдық көлікте жол жүру құны мемлекеттік субсидиялар есебінен қолдау тапты. Оларсыз тарифтің құны биылғы тарифтерді есептеу әдістемесіне сәйкес 425 теңгені құрайтын еді, - делінген әкімдік ақпаратында.
Бұл шығындар көрсетілетін қызметтердің сапасына тікелей әсер етеді, өйткені түсетін қаражат тасымалдаушылардың барлық шығынын өтемейді.